Департамент ғимаратында салтанатты сап түзеп, ведомство қызметкерлерінің нысанды киім-кешекте бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындауы өтті.
Осылайша, бекітілген күнінен бастап 30 жасқа толған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне мемлекеттік қызметшілер құрмет көрсетті.
Отанға деген құрмет мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады, өйткені бұл ұлттық рухты, әлеуметтік келісім мен патриоттық тәрбиені қалыптастырудың маңызды құралы. Дәстүрді және ұлттық құндылықтарды құрметтеу-әрбір азаматтың, әсіресе, үлгі көрсететін мемлекеттік қызметшінің міндеті, — деді Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан.