Басты бетҚоғам12 әскери...

12 әскери курсант Тоқаевтың қолынан офицер погонын алды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуына қарағанда, бас байрағымызды көтерген сәтте ең үздік курсанттарға әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналған.

Сіздер қарулы күштеріміздің 30 жылдығында офицер атанғалы тұрсыздар. Бұл – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Сондықтан осы мәртебеге лайық болып, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік туын биік ұстау – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның абыройлы міндеті. Ерлік істер осындай патриоттық сезімнен бастау алады. Сіздер ел үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Әскери шендеріңіз құтты болсын!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! – деді мемлекет басшысы.

Фото: Akorda.kz

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан президенті – Қазақстан Республикасының жоғарғы бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz