Референдум өткізу Қазақстанда дамыған демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Бір ай ішінде елімізде конституциялық түзетулер жобасы белсенді талқыланып, түсіндірілді. Конституциялық реформа қоғамда кең үн қосты. Жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, сіз сыбайлас жемқорлыққа, непотизмге, саясат пен экономикадағы монополияға қарсы шешім қабылдайсыз,- деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Тоқаевтың айтуынша, оның барлық ережелері президенттің артықшылықтары мен өкілетін арттыруға емес, билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, барлық азаматтардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы – маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.