Басты бетЖаңалықтарЕлімізде демалыс күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде демалыс күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр жауады. 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан, батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25 градустан 20-33 градусқа дейін жылы болады, — делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағаны 15-26 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстігінде 27-37 градусқа дейін жылы болады, ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында температура 22-32 градусқа дейін көтеріледі.