Басты бет Жаңалықтар Жанат Жақиянов әлем чемпионы атанды

Жанат Жақиянов әлем чемпионы атанды

Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Бірінші раундта Уоррен қазақстандық былғары қолғап шеберін 2 мәрте нокдаунға жіберді. 2-раундтан бастап Жақиянов ширақ қимылдай бастады. 12 раундық кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Жанат Жақияновқа басымдық беріп, жеңімпаз деп тапты.

Жақияновтың гонорары — 30 мың доллар, Уорендікі — 150 мың доллар болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version