Басты бетЖаңалықтарЗүлфия Сүлейменова...

Зүлфия Сүлейменова жаһандық экоқор бойынша ұлттық үйлестіруші болды

Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қаулысында жарияланды.

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасынан жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын, — делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылғы наурызда бүгін атқарып отырған қызметіне тағайындалды.