Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Умаров мәлімдеді.
Командамыз жаңа маманмен толықты. Бүгіннен бастап, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз хатшысы болып белгілі журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нурбек Амиша тағайындалды. Нұрбектің жұмысына сәттілік тілеп, БАҚ және жалпы жұртшылықпен байланыста министрлікке тың серпін береді деп сенеміз, — деп жазды министр Facebook-парақшасында.