Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді.
Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады, — делінген хабарламада.
Экскурсия соңында балаларға президент атынан сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарға құттықтау жолдады.