Теңге бағамы бір айда 6,8% нығайды

Ақпаратқа сәйкес, сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 миллиард АҚШ доллары болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 миллион АҚШ долларын құрады.

Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер етті, оның ішінде: энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі, ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар. Сонымен қатар валюта нарығындағы ұсыныс көлемі мамырда, шамамен, 598 миллион АҚШ долларын құраған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы есебінен қолдау тапты, — делінген банктің хабарламасында.