Биыл алғаш рет 25 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылады. Әкімдіктер 515 мектеп автобустарын лизингпен сатып алып жатыр. Алғашқы автобустарды осы айдың ішінде Ақмола облысына жеткізу жоспарланған, — деді Шолпан Каринова.
Вице-министрдің айтуынша, балалар жылы бастауыш класс оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10% өсті. Бұл ретте Шымкент, Қарағанды облысының жұмысын оң бағалауға болады.
Балалар жылында алғаш рет жас спортшыларымыздың халықаралық спорт жарыстарына қатысуына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, қазақстандық команда Франциядағы дүниежүзілік гимназиадада 86 медаль жеңіп алып, 70 елдің ішінде Бразилия, Франциядан кейін 3-орынды иеленді. 2,4 миллион оқушы қосымша білім алып жатыр. Биыл 270 мыңнан аса бала қосымша үйірмелер мен секциялармен қамтылады. Жыл соңына дейін қамту көрсеткіші 5% ұлғаяды, — деді білім және ғылым вице-министрі.