Басты бетҚоғамАлматы әкімдігі...

Алматы әкімдігі 1 маусымда балаларға тамақ пен тәтті берілмейді дейді

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпарат тарап жатыр! Әйелдің дауысымен жіберілген жалған хабарламада әкімдіктің ертең, 1 маусымда іс-шаралар өткізілетін орындарда балаларға тегін тамақ, сусындар, тәттілер мен ойын-сауық қызметтерін таратуды ұйымдастыруға ақша бөлгені туралы жалған ақпарат таратылып жатыр, — делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі мерекеге орай шаралар өтетінін, бірақ тамақ, сусын және басқа қызметтерді тегін тарату туралы сөз болмағанын айтып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1 маусым күні балалар автобус, троллейбус, метро сияқты қоғамдық көліктермен тегін қатынай алатынын хабарлаған едік.