Басты бет Жаңалықтар Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай білім грантын алады

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай білім грантын алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына білім гранты бөлінетінін мәлімдеді.

SDCL лицей оқушылары. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.

Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы каналына.

Бүгін білім және ғылым министрлігі дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді.

Exit mobile version