Басты бет Жаңалықтар Әлемнің үздік университеттері рейтингіне Қазақстаннан бір ғана ЖОО кірді

Әлемнің үздік университеттері рейтингіне Қазақстаннан бір ғана ЖОО кірді

Әлемнің үздік университеттерінің мәртебелі академиялық рейтингіне Қазақстаннан бір ғана жоғары оқу орны кірді. Бұл туралы Finprom.kz порталы хабарлады.

Фото: Ғorbes.kz

Center for World University Rankings (CWUR) құрастыратын әлем университеттерінің академиялық рейтингі — жоғары оқу орындарының арасында жүргізілетін айтулы рейтингтердің бірі саналады.

Биыл әлемдегі 20 мыңға жуық жоғары оқу орны бағалаудан өтіп, оның ішінде үздік 2 мың университет іріктеп алынған.

Үздіктер тізіміне елімізден тек Назарбаев университеті (әлемнің 19,8 мың ЖОО-лары арасындағы ТОП-2 000 ішінде 1 765 орында тұр) ғана кіріп отыр. Мұның үстіне Назарбаев университеті — тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен бірге Орта Азия елдерінен аталған рейтингке кірген жалғыз жоғары оқу орны.

ТМД елдерінің ішінде бұл рейтинге Ресейдің 42, Украинаның 6, Беларусьтің 2 университеті, ал түркі мемлекеттерінің ішінде Түркияның бірден 56 жоғары оқу орны кірген.

Әлемнің үздік 5 университеті қатарында АҚШ-тың Гарвард университеті, Массачусетс технология университеті, Стэнфорд университеті, Британияның Кембридж бен Оксфорд университеттері бар.

Exit mobile version