Қазақстанда әскерилердің зейнетке шығу жасы өседі

Бұл туралы қорғаныс министрлігі зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қайыржан Бимолдин айтты.

Оның айтуынша, зейнетақы заңнамасында болған негізгі өзгерістер — әскери қызметшілердің мемлекеттік бюджет есебінен ортақ зейнетақыға көшуі.

Бұрын бұл жинақтаушы жүйе есебінен жүзеге асырылған. Былтыр зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағының қалдықтарын жеткілікті шекке қарамастан, 50% мөлшерінде пайдалану құқығы берілді. Әскери қызметшінің үш миллион жинағы болса, онда ол бір жарым миллионды мемлекет көздеген бағыттарға пайдалануға құқылы, — деді Қайыржан Бимолдин.

Сонымен қатар ол зейнеткерлік жас әскери қызметшілер үшін әскери қызмет туралы заңда белгіленген жас шегіне байланысты екенін айтты.

Биылғы жылы әскери қызметте болудың заңды жасына өзгерістер енгізіліп, қызмет мерзімін бес жылға дейін ұлғайтуды болжайтын норма енгізілді. Осыған байланысты зейнеткерлік жас бес жылға дейін өседі, — деді Қайыржан Бимолдин.

Егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50% зейнетақы тағайындалады. 25-тен астам әр жылға 2% қосылып отырады.