Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы факт бойынша бұрын істі болған 38 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінен 8 гүл өсіруге арналған құмырада өсіп тұрған марихуана және есірткі дайындайтын әртүрлі тұқымдас 9 құмыра табылды, — делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, екінші есірткі зертханасы Ақтаудағы шағын аудандардың біріндегі тұрғын үйдің екінші қабатында анықталған.
Есірткі зертханасының иесі 29 жастағы ер адам болып шықты. Полицейлер тұрғыннан 13 марихуана бұтасын және есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған минералды тыңайтқыштар салынған ыдыстарды тәркіледі, — делінген хабарламада.
Қазір аталған фактілер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
ҚР қылмыстық кодекісінің 300-бабының бірінші тармағына сәйкес «құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.