Алматыда Toyota көлігі дәмхананың жазғы алаңын қиратып өтті

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 мамыр күні кешкі сағат 19:47 кезінде болған.

Төле би көшесі бойымен батыс бағытта, Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі солға бұрылып жатып, Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан «Volkswagen Polo» көлігіне соғылған. «Volkswagen» жүргізушісі көлігін қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалды. Ал соқтығыс салдарынан «Toyota Camry» автокөлігі инерциямен Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп келіп, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимаратқа кіріп кеткен. Бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді,- делінген хабарламада.

Ведомства өкілдері, аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты. Оның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)