Қаржылық сауаттылық не үшін қажет? Қалта ақшасын басқаруды қалай үйренуге болады? Кибералаяқтыққа немесе қаржы пирамидаларына тап болсаңыздар, не істеу керек? Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында өткен қаржылық сауаттылық аптасының шеңберінде мектеп оқушыларына, студенттерге және ұстаздарға айтып берді.
Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында мектеп оқушыларына және студенттерге арналған дәрістер 2022 жылғы 4 – 18 мамыр аралығындағы кезеңде офлайн-форматта өтті.
Агенттіктің Шымкенттегі өңірлік өкілдер басқармасының қызметкерлері «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ-тың 20-дан астам студентімен және оқытушылық құраммен кездесу өткізді. Спикерлер тыңдаушыларға қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздері, кредиттік жауапкершілік, барынша танымал қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалану ерекшеліктері туралы айтып берді.
Сонымен бірге Нұр-Сұлтан мен Шымкент ӨӨБ бес білім беру мектебінің 10-15 жас аралығындағы оқушылары үшін киберқауіпсіздік бойынша тақырыптық сағаттар ұйымдастырды. Интернет-алаяқтық тақырыбы өскелең ұрпақтың үлкен қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, кейбір балалар іс жүзінде: онлайн-ойындарды сатып алу, лицензияланбаған қосымшаларды жүктеу, күмәнді ұтыс ойындарына, әлеуметтік желілердегі гиваларға қатысу кезінде алаяқтардың айла-амалдарына ұшырапты. Спикерлер жүргізген пікіртерім көрсеткендей, кейбір мектеп оқушыларының (пікіртерімге қатысқандардың 10%-і) және көптеген студенттердің (80%) қазірдің өзінде онлайн-сатып алулар жүргізетін банк карточкалары бар, бірақ олардың барлығы фишинг шабуылдардан қалай қорғану керектігін және жеке кабинеттегі құпиясөздер, пин-код және CVV/CVC-код туралы ақпаратты неге құпия ұстау керектігін білмеген.
Студенттерге арналған түсіндіру дәрістері Алматыда да болып өтті. Агенттіктің, ҚР бас прокуратурасының және Rahym қоғамдық қорының өкілдері Алматының ірі жоғары оқу орындарында: Satbayev University, қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті сияқты ірі жоғары оқу орындарында 50-ден астам студентпен кездесулер ұйымдастырды. Шағын жалпыға оқытулар қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбына арналды. Тыңдаушылар заманауи қаржы пирамидаларының қалайша түрленіп тұратыны, оларды қандай белгілер бойынша ажыратуға болатыны туралы білді, сонымен қатар инвестициялық пирамидалардың әрекеттерінен зардап шеккендер жөнінде шынайы оқиғалар тыңдады.
Агенттік, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, «БЖЗҚ» АҚ, «Отбасы Банк»АҚ және Solva компаниясының бірлескен қолдауымен білім беру іс-шарасы өткен «SOS Алматы балалар ауылы» білім беру жетім балалар мекемесі де қаржы реттеушісінің назарынан тыс қалған жоқ.
Тыңдаушылар 16-23 жас аралығындағы жиырмаға жуық жасөспірім болды, олардың көбісінің жұмысы және тұрақты кірісі бар. Сондықтан осы мекеменің басшылығы қаржылық сауаттылық бойынша дәріс өткізу туралы бастама көтерді. Спикерлер сөз сөйлеуі барысында ақпараттық қауіпсіздік қағидалары, сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы жүйесі мен депозиттерге кепілдік беру жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді, өз кірістері мен шығыстарын жоспарлау, кредит сияқты құралды сауатты пайдалану, өз жинақтарын инвестициялау бойынша лайфхактармен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, FinGramota.kz жобасының шеңберіндегі қаржылық сауаттылық апталықтары Қазақстанның оқу орындарында 2022 жылғы 20 сәуірден басталды және оқыту дәрістері, дөңгелек үстелдер мен олимпиадаларды қамтиды.
Егер сіз тыңдаушылар не лекторлар ретінде аталған іс-шараларға қатысқыңыз келсе, онда сіз 1459, +7 727 237 1000 нөмірлері бойынша call-орталық арқылы немесе мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болатын «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы агенттікке жүгіне аласыз:
App Store-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211
PlayMarket-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals
Сонымен бірге мобайл қосымшаның веб-нұсқасы да қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru.