Нұр-Сұлтан прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды, — деп жазды бас прокуратура.
Ерлан Өтегенов прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматының прокуратураларында қызмет атқарған, оның ішінде басшылық лауазымдарда болды.
Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сонымен қатар Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы бойынша басқармасының бастығы болды.
2019 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан прокурорының орынбасары қызметін атқарды.