G30 көрсеткішті седан 7-Series моделінің бірқатар ерекшеліктері бар. Демек, «бесінші» BMW өзіндік артықшылықтарға ие. Көліктер артқы жетекпен (задний привод) де, толық жетекпен (полный привод) де шығады.
Ең арзан BMW 530i (252 л, 8-деңгейлі автомат пен артқы жетек) бағасы 13,2 млн теңгеден басталады. Дизельді түрі арзандау. Кемінде 11,8 млн теңге. Ал гибритті 530e iPerformance көлігінің бағасы әзірге белгісіз.
Бір қызығы, Қазақстанда бұл көліктің жанармаймен жүретін түрі ғана емес, сонымен қатар, дизельмен жүретіні де сатылады. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш көлік маркасының дизельді көліктері елге әкелінбеген еді.