Қазақстан президенті бүгін, 26 мамырда Бішкекте әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылатынын айтты.
Бұған қоса, біз жас ғалымдар үшін түрлі гранттар тағайындадық. Олардың озық ғылыми идеяларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту үшін екі ел зиялыларының форумын жыл сайын өткізуді ұсындым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.