Басты бет Жаңалықтар Ең көп жемқорлық құқық бұзушылық қай аймақта?

Ең көп жемқорлық құқық бұзушылық қай аймақта?

Қазақстандағы ең көп жемқорлық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлердің қай аймақта көп екендігі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көрнекі сурет

Оның хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында ең көп жемқорлық құқық бұзушылықтар Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарынан екендігі анықталды.

“Қызметкерлердің жиі жұмыс орнын ауыстыруын алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлермен жүргізілген сұхбаттарды мұқият тыңдап, қарап, қажет болса, қандай да бір шараларды қолдану керек. Басты мәселе мемлекеттік қызметкерлердің жағымсыз себептермен жұмыстан кетуінде. Олардың жартысы жемқорлық деректері бойыша жұмыстан шығарылған”, – деді Айгүл Шаимова.

Сондай-ақ жемқорлық үшін жұмыстан шығарылған қызметкерлердің басым бөлігі қаржы министрлігін, әділет және ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version