Басты бет Жаңалықтар Ең алғашқы смайлик қашан пайда болды?

Ең алғашқы смайлик қашан пайда болды?

Адамзат тарихындағы ең алғашқы смайлик бейнеленген құжат Словакиядан табылды. Мұндай смайликті 1635 жылы словакиялық қорғаушы өз құжаттарында бейнелеп отырыпты, деп хабарлайды Baq.kz.

Ең алғашқы смайликке ұқсас сызба табылғаны туралы ақпаратты Словакия Ұлттық мұрағатының директоры Петер Бриндза Barcroft арнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Смайликті 1635 жылы бірінші рет словакиялық қорғаушы Ян Ладислаидес өрнектеген екен. Ян құжаттарының барлығында кішкентай дөңгелек жасап, ішіне екі нүкте мен көлденең сызықша қойып отырған.

смайлик Словакия

Ғалымдар зерттей келе, бұл сурет автордың құжатқа қатысты эмоциясын білдіретін (куәландыратын) сурет екенін анықтаған.

Қазір осыған ұқсас смайликтер интернетте хат алмасу кезінде қолданылып жүр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version