Басты бетЖаңалықтарМәжілісте қаржы...

Мәжілісте қаржы пирамидасымен күреске арналған құжат қаралады

Мәжіліс депутаттарының қарауына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.

Аталған заң жобасы парламент мәжілісі депутаттарының бастамасымен мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Құжаттың негізгі мақсаты — азаматтар мүлкінің қорғалауын арттыру және қаржы пирамидасының бастапқы сатысындағы қызметінің жолын кесу. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 16 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын, — деді мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов палатаның жалпы отырысында.