Басты бет Жаңалықтар Ерлан Қарин «Қазақстан» телеарнасының басшысы болып тағайындалды

Ерлан Қарин «Қазақстан» телеарнасының басшысы болып тағайындалды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы Ерлан Қаринді таныстырды. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды

«Ерлан Тынымбайұлы білікті саясаттанушы, идеолог, еліміздің шынайы патриоты ретінде көпшілікке жақсы танысекеніне еш күмәнім жоқ. Ендігі жерде оған еліміздегі ең ірі медиа құрылымның жұмысын одан әрі дамыту тапсырылып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», — деп жазды Дәурен Абаев.

Айта кетейік, Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version