Бас санитар дәрігер ревакцинация туралы қаулыға қол қойды

Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакцинацияға жатады, — делінген қаулыда.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

Ревакцинация алгоритмінің 130-тармағына төмендегідей редакция енгізілді.

Коронавирусті жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

  • медицина қызметкерлері;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
  • күш құрылымдарының қызметкерлері;
  • педагогтар;
  • пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
  • 50 жастан асқан адамдар.

Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.