Басты бетҚоғамҚазақстанның ЮНЕСКО-ға...

Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Ақорда Тоқаевтың архив фотосын жариялады

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның сол кездегі бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр. ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын, — деп жазды Борт N1 Telegram-каналы.

Тоқаев ЮНЕСКО
Фото: Борт N1 Telegram-каналы

«1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж».

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар:

Мәдени нысандар: 

  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;
  • Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;
  • Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.

Табиғи нысандар:

  • Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;
  •  Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.