Коронавирустың жаңа дерегі Алматы мен Шымкентте ғана тіркелді

Алматыда 3, Шымкентте 2 коронавирус дерегі анықталды. Ал қалған өңірлерде бірде-бір дерек тіркелмеді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 691-ге жетті, оның 1 291 949-і аурудан айықты.

22 мамырдағы мәлімет бойынша 135 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Коронавируспен ауырып жатқан 7 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету апаратына қосылған.