Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Бокс кеші Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Resorts World Las Vegas кешенінің аренасында өтті. Жекпе-жек 12 раундтқа есептелген.
Әлімханұлы бірінші раундта-ақ Дигнумға қысым жасап, нокдаунға түсірді.
Ал екінші раундта ұлыбританиялық нокаутқа түсті.
,Әлімханұлы 12-жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы сұхбат берді және жанкүйерлерінің бәріне алғыс айтты.
Бұл біздің әлі қатты соққымыз емес, біз енді бастап жатырмыз. Бұдан да ауыр соққылар болады. Бізде әрқашан қазақша бокс стилі болған, біз рингке шыққанда бізді kazakh style деп таниды, — деді ол.
Әлімханұлы келесі жекпе-жектерінде америкалық Деметриус Андраде мен АҚШ-тың тағы бір өкілі Джермалл Чарломен жұдырықтасқысы келетінін айтты.
Қазір рингке тұрдым, қазір чемпион болдым. Енді осы салмақтағы чемпиондар Чарло, Андраде бар, соларды шақырғым келеді, солармен жұдырықтасқым келеді, — деді қазақстандық боксшы.