Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шымкентте қатты жел салдарынан стадионның шатыры ұшып кетті

Шатыры ұшып кеткен Қажымұқан стадионы. Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаменті

Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарына қарағанда, бүгін, 21 мамырда «Қажымұқан» стадионындағы футбол алаңында Ордабасы-Ақсу ойыны өтті.

Матч 21.00-ге жоспарланған еді. Қолайсыз ауа райы мен қатты жел салдарынан Қажымұқан стадионы ғимаратының шатыры трибуна жақтан көтерілді. Онда көрермендер болмаған, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Матч тоқтатылған.

Шымкенттің төтенше жағдайлар департаменті алаңды N5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ретке келтіріп жатқанын хабарлады.

Exit mobile version