Басты бетҚоғамШымкентте қатты жел салдарынан стадионның шатыры ұшып кетті

Шымкентте қатты жел салдарынан стадионның шатыры ұшып кетті

Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарына қарағанда, бүгін, 21 мамырда «Қажымұқан» стадионындағы футбол алаңында Ордабасы-Ақсу ойыны өтті.

Матч 21.00-ге жоспарланған еді. Қолайсыз ауа райы мен қатты жел салдарынан Қажымұқан стадионы ғимаратының шатыры трибуна жақтан көтерілді. Онда көрермендер болмаған, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Матч тоқтатылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Sports.ru Казахстан (@sportsru_kz)

Шымкенттің төтенше жағдайлар департаменті алаңды N5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ретке келтіріп жатқанын хабарлады.