19 мамырда Қаратау ауданы полиция басқармасының 102 пультіне үш баланың автокөлік жүксалғышында тұншыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері барды. Балалар ата-анасы болмаған кезде көлік жүксалғышына кіріп, есікті жауып алған, кейін қайта шыға алмай тұншығып қалған, — деп хабарлады Шымкент полициясы.
Екі бала оқиға болған жерде, ал үшіншісі бүгін, 21 мамырда реанимацияда қайтыс болған.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталады. Шымкент полицицейлері қаза тапқан балалардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.