Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық артисі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім, — деп жазды ол Twitter-де.
Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) May 21, 2022
«Қазақстанның халық артисі» атағы музыка мен хореография, театр мен кино, эстрада мен цирк өнерін дамытуға айрықша үлес қосқан адамдарға беріледі. 1920 жылдары белгіленген «Қазақ АКСР халық артисі» атағы алғаш 1923-1924 жылы Александр Затаевич пен Нина Анненкова-Бернарға, ал 1931 жылы Елубай Өмірзақов пен Жұмат Шанинге берілді. 1991 жылдан «Қазақстанның халық артісі» деп аталды. 1999 жылы шілде айынан бастап бұл атақты беру тоқтатылды.
Еске салайық, президент Тоқаев бүгін, 21 мамырда мәдениет саласының өкілдерін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен наградтады.