Ақ алтынды күмістен қалай ажыратады?

Ақ алтын: құрамы мен сынамасы

Ақ алтынды жасау үшін кәдімгі алтынмен бірге күміс, платина, никель немесе палладий сияқты өзге металдарды балқытып, араластырады. Бұл металдар алтынға ақ түс береді. Ал жылтырату үшін родий жалатады. Алайда, Еуропа елдерінде зергерлік бұйымдарға никель қолдануға тыйым салынған.

Ақ алтынның сынамасы «585» немесе «750» болады. «585» — құрамында 585 мг таза алтын бар деген сөз, ал «750» бағалы тастармен безендірілген бұйымдарға қойылады.

Ақ алтынды күмістен қалай ажыратады?

  1. Түсіне назар салыңыз. Күміс ақ алтыннан күңгірттеу болады. Алтын жылтырап тұруы тиіс.
  2. Сынамысына қараңыз: «925» болса — күміс, алтында, жоғарыда айтқанымыздай, «585» немесе «750» болады.
  3. Қағазбен тексеру. Ақ алтын күмістен тығыздау. Оны қағазда жүргізіп білуге болады. Күміс із қалдырады, алтын қалдырмайды.
  4. Сірке суымен тексеру. Егер зергерлік бұйымды сірке суына салғанда ол күңгірттене бастаса — бұл күмістен жасалған деген сөз. Алтынға ештеңе болмайды.
  5. Бұйымға йод тамызып көріңіз. Ақ алтында йод із қалдырмай, тез сүртіледі. Ал күмісте із қалады, оны кетіру де оңай емес.

Ақ алтынды үйде қалай тазалауға болады?

  • Сабын ерітіндісімен тазалау. Оған шампунь, ыдыс жууға арналған сұйықтық немесе сұйық сабын да жарай береді. Ол үшін бұйымды сұйықтық араластырылған суға  жарты сағатқа салып қойыңыз. Кейін тіс щеткасымен тазалап, таза сумен шайып, құрғақ матамен кептіресіз;
  • Ақ алтынды жылтырату үшін мүсәтір спиртін қолдануға болады. Ол үшін спирт пен судың үлесін бірдей мөлшерде құйып, араластырасыз да, бұйымды соған салып қоясыз. Бір сағаттан соң шайып, жақсылап сүрту керек.
  • Егер бұйымыңызда сызат немесе одан да басқа зақымдар болса, зергерге апарып тазартқан дұрыс.
ДереккөзLux-fair.ru