Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Мұрат Баймұқашев 1967 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолы:

Талдықорған және Ақмола облыстары бойынша ІІБ мемлекеттік автомобиль инспекциясының инспекторы, мемлекеттік автоинспекторы, аға инспекторы (06.1994-12.1997);

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жол полициясы басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бөлім бастығы (12.1997-05.2006);

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі бас басқармасы бастығының орынбасары (05.2006-08.2007);

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі кадрлар басқармасының бастығы (08.2007-04.2009);

Қазақстан Республикасы бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (04.2009-08.2009);

Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (08.2009-02.2012);

Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (03.2012-01.2013);

Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі (09.2013-04.2019);

Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары (10.04.2019-02.2020);

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (03.2020 жылдан бастап);

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары (2021 жылғы шілдеден бастап) болды.