Басты бетЖаңалықтарПрезидент ұлттық...

Президент ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды.