Бұл туралы Astana.tv хабарлады.
Көп ұзамай баланың анасы да табылды. Ол — 19 жастағы жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, баласын 2017 жылы дүниеге әкелген. Туғанынан целебралды ауруы бар. Ақыл-есі кем болған көрінеді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Анасының сөзіне жүгінсек, қыз бала осы жылы ақпанда ауырып, кенеттен көз жұмған. Сондықтан әйел мен оның ағасы қызды жасырынып, қала шетінде жерлеуді шешті.
Аталған дерек бойынша, қажетті сараптамалар дайындалып, тергеу амалдары қолға алынды.
Еске салайық, 17 мамырда Алматы облысы Сарқан ауданында қоқыс үйіндісінен 4-5 жасар қыздың денесі табылған болатын.