Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлекселері табылды

Итбалықтардың екі өлексесін Түпқараған ауданы Форт-Шевченконың жағалауында жергілікті тұрғын тауып алған.

Аудан әкімдігі хабарлағандай, қазіргі уақытта өлі итбалықтарды жинау және кәдеге жарату жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінен 94 итбалықтың өлексесі табылғанын хабарланған болатынбыз.