Полицейлер бала мен оның анасының кім екенін анықтады. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.
Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сонымен қатар балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.
Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілердің екеуі де аудандық полицияға жеткізілді, — деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.