Қазақстанда темекі қымбаттайды

Бүгін сенатта тілшілер қаржы министрінен темекіге және құрамында қанты бар сусындарға акциздер енгізуге қатысты сұрақ қойылды.

2024 жылға дейін тауарларға ставканы көтеруді жоспарлап отырмыз, бұл 35 еуро, шамамен 1 000 данаға 16 мың теңгеге жуық шығады. Есептеп, мыңға бөліп, 20 данаға бөлуге болады, сонда қорап темекі үшін шамамен 300-350 теңге алынады, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бөлек ол құрамында қанты бар сусындарға қатысты үкімет деңгейінде талқылау жүріп жатқанын айтты.

Осы орайда талқылаулар қорытындысы бойынша тиісті мәліметті жариялап, парламентке келеміз. Біз үшін тиісті теңгерімді сақтау керек, яғни ұлт денсаулығы басты мәселе болып саналады. Сонымен қатар кәсіпорындар да зардап шекпеуі керек, бұл кәсіппен шағын және орта бизнес айналысады. Сондықтан осының барлығын егжей-тегжейлі пысықтаймыз, — деді Ерұлан Жамаубаев.