Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өкілдері ведомство күштері мен техникасы Бостандық ауданы, Тимирязев 42 мекенжайындағы өртке жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілгенін хабарлады.
Алғашқы жеткен өртсөндірушілер № 9 павильон жанып жатқанын анықтады. Өрт таралу қаупі жоқ, — делінген хабарламада.