«1. Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
7-тармақта:
«, хатшыдан» деген сөз алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.;
жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
- «Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
- «Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, төраға»;
- «Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
- «Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)»;
жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
- Әбден Қарақат Жақсылыққызы–«Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша),
- Әбдірахманова Алина Бауыржанқызы–кәсіпкер, «М.С. Нәрікбаев атындағы қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының бизнес-мектебінің басшысы (келісім бойынша),
- Байсақова Зульфия Мұхамедбекқызы–«Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша),
- Гурина Марианна–«Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша),
- Демесінова Лаура Бағланқызы–«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау секторының басшысы (келісім бойынша),
- Жанғазинова Назым Жәнібекқызы-«NazymPR» коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы (келісім бойынша),
- Жандосова Баян Айтбекқызы–«Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),
- Жүгінісова Айнұр Серікқызы–кәсіпкер, продюсер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),
- Имашева Снежанна Валерьевна–Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),
- Исина Айман Байболқызы–«Жезқазған қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),
- Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы–«Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша),
- Қанай Гүлмира Әмірханқызы–«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша),
- Қарабасова Лаура Чапайқызы–«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша),
- Құсаин Динара Кабдылхаққызы–отбасылық даму және балалар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшы, «Amansabi.kz» балалар қауіпсіздігі жөніндегі ресурстың негізін қалаушы (келісім бойынша),
- Миронюк Татьяна Александровна–«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша),
- Молдашева Рыиза Асанқызы–«Семей таңы газеттері – Вести Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – бас редакторы (келісім бойынша),
- Мұхтарова Найля Алтайқызы–Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры,
- Нұрашева Бибігүл Шәкірбайқызы–еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, «Academy of labour relations» бас директоры (келісім бойынша),
- Омарова Айман Мұратқызы–адвокат, құқық қорғаушы, «AU» онлайн-құқықтық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша),
- Омарова Гүлнар Мансұрқызы–«Senimen Bolashaq» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша),
- Паули Элина Сергеевна–Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары,
- Семидоцких Елена Александровна–кәсіпкер, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша),
- Тасбергенова Гаухар Қошқарбайқызы–«Рухани Қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),
- Төленбаева Клара Мүфтиқызы–Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі (келісім бойынша),
- Цветкова Татьяна Ивановна–«Өскемен қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша),
- Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы–Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша),
- Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы–Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша),
- Шөжеева Әзиза Тимурқызы–кәсіпкер, «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),
- Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы–«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының талдаушы-менеджері, саясаттанушы (келісім бойынша);
Аталған Комиссия құрамынан: Э.Ә. Азимова, М.Д. Айтмағанбет, С.М. Айтпаева, Л.Ж. Ахмурзина, А.И. Әбибуллаева, М.Ә. Әкімжанова, С.Б. Байқошқарова, Г.А. Бөрібаева, Л.Е. Ибрагимова, Л.М. Қалтаева, Д.Т. Мұқаев, А.Қ. Мұсақожаева, С.А. Назарбаева, Д.Ж. Нөкетаева, Н.Е. Сағындықова, С.Х. Салихова, Р.Б. Сәрсембаева, Б. Смағұл, Қ.А. Сүлейменова, Б.С. Тұтқышев, Ә.Ү. Хайруллина, Қ.Ә. Шайх, З.К. Шәукенова шығарылсын», — делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.