Басты бетЖаңалықтарҚазақ тілінің...

Қазақ тілінің сөздік қоры әлемде 3-орын алады

Мамандардың айтуынша, ең бай тіл ретінде араб тілі есептеліп отыр. Онда 12 млн 300 мың сөз бар. Бұл көрсеткіш ағылшынша 700, қазақша 600 мыңды құрайды. Cонымен қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің қатарында саналады.

Одан кейінгі орынды алатын испан тілінде 300, орысша 150 мың сөз бар болса, қытайлар 87 мыңнан астам иероглифті қолданады.

Жер шарында қытай тілінде сөйлейтін адамдар саны өте көп. Бұл тілді 1,2 млрд адам ана тілім деп таныса, 300 млн адам екінші тіл ретінде қолданады. Жалпы, қытай тілінде 1,5 млрд адам сөйлейді. Одан кейінгі жоғары көрсеткішті ағылшын тілі көрсетеді. Оны 500 млн адам туған, 1 млрд адам екінші тіл ретінде қарайды.

Ең бай тіл саналатын арабша – 420 млн адам (300 млн адам туған, 120 млн адам – екінші) сөйлейді. Ал орыс тілін – 260 млн адам (160 млн адам туған, 100 млн адам – екінші) қолданады. Одан кейінгі орындарда португал, неміс, француз тілдері бар. Ал қазақ тілінде қанша адам сөйлейді? Бұл жөнінде нақты дерек жоқ.

ДереккөзIslam.kz