Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген. Осы айда құжатты парламент мәжілісі қарайды.
Министрдің айтуынша, заң жобасында қылмыстық кодекстің 317-бабының қылмыстық нормаларын ізгілендіру көзделген, яғни айыппұл санкциялары жеңілдетіледі. Соттың қарауына бас бостандығын шектеу бойынша балама енгізіледі. Бас бостандығынан айыру мерзімдері қысқартылады
Осы заң жобасы бойынша медицина көмегінің сапасын арттыру мақсатында пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кәсіптік жауапкершілікті арттыру, оларды сақтандыру көзделеді. Сонымен қатар білімді, еңбек сіңірген дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын белгілеу көзделіп отыр, — деді Ажар Ғиният.