Елімізде пандемиямен күреске қанша қаржы жұмсалды?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус пандемиясына жұмсалған қаржы көлемін жариялады.

Пандемия басталған 2020 жылы бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалған болатын.

Қаржының 28 миллиарды дәрі-дәрмекті, соның ішінде қорғаныс құралдарын және медициналық техниканы сатып алуға жіберілді. 197 миллиард теңгесі дәрігерлердің еңбекақысы сол кездегі үстемеақыға жұмсалды. Іссапар шығындары да болды. Әсіресе, санитарлық эпидемиология қызмет мамандары іссапарға жиі шыққан, — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министрдің дерегінше, бұдан бөлек 20 миллиард теңге медициналық сақтандыру қорына аударылды. Оған медициналық көмектің ақысы төленді.

Ал 2021 жылы 556 миллиард теңге болды. Өйткені ол жылы жыл бойы коронавирус инфекциясымен күрестік. Үш толқыны болды. Аурудың ушыққан түрі шықты. Сол кезде 97 миллиард теңгеге вакцина сатып алынды. ПТР-тест пен шприцтер жеткізілді. Сонымен қатар 413 миллиард теңгесі медициналық қызметкерлердің үстемеақысы мен еңбекасына аударылды. 40 миллиард медициналық сақтандыру қоры арқылы ауруханалар мен емханаларға төленді, — деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, биыл пандемиямен күрес шараларына 86 миллиард теңге қарастырылып отыр. Соның ішінде 9 миллиард вакцина алуға жұмсалады. Ал 20 миллиард теңгесі былтыр сатып алынған Pfizer вакцинасы үшін төленді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша мәжіліске алты партия өтті

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.  

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.