Ішкі істер министрі бірқатар басшыны тағайындады

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Арнайы жиында жаңа қызметке тағайындалатын азаматтардың қызмет жолындағы жетістіктері, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі талқыланды.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ішкі істер министрлігінің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сонымен қатар әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

– Нұр-Сұлтан полиция департаменті «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

– Нұр-Сұлтан полиция департаменті «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.