Министр алтын жүлдеге ие болғандар 4,9 млн, күміс жүлдегерлер 3,3 млн, ал қола жүлде алғандар 1,6 миллион теңге көлемінде сыйақы алатындығын айтты. Сондай-ақ, студенттері жүлдегер қатарына іліккен бапкерлер де марапатталатындығы туралы хабарланды.
Дүниежүзілік бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 алтын, 8 күміс және 17 қола, жалпы саны 36 жүлде жеңіп алды. Сөйтіп командалық есепте Ресей құрамасынан кейін екінші орынға тұрақтады.
Жүлделер санына сәйкес спортшыларға 229 млн 100 мың теңге мемлекет қазынасынан бөлінеді:
Алтын медаль жеңіп алған спортшылар үшін 63 млн 700 мың теңге;
Күміс медаль алған спортшылар үшін 125 млн 400 мың теңге;
Қола жүлдегерлер үшін 40 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, дәл осы суммада бапкерлері де сыйақы алады. Барлығын қоса есептегенде мемлекет тарапынан сыйақыға 458 млн 200 мың теңге бөлінетін болады.
Универсиада кезінде қазақстандық спортшылар арасында ең көп сыйақыны Галина Вишневская алады. Бұл спортшының Универсиада ойындарындағы сыйақысы (екі алтын, екі күміс) 16 млн 400 мың теңгені құрайды.
Жүлделер саны бойынша екінші орында Анна Шевшенко тұр. Оған 13 млн теңге беріледі. Шаңғышы жарыс барысында бір алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алды.
Фристайлшы Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышевалардың сыйақысы – 9 млн 800 мың теңге. Бұл екі спортшы Универсиадада екі алтын алған.