ҰҚШҰ биыл күзде Қазақстанда әскери оқу жиынын өткізеді

Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ұйымның мерейтойлық саммитінде айтты.

Қазіргі кезеңде ҰҚШҰ қызметін әрі қарай жетілдіру және оның басшылық құрылымдарын оңтайландыру мәселесі — бірінші кезектегі маңызды шаруа екені толығымен қисынды. ҰҚШҰ ұжымдық күштерін заманауи қарумен және техникамен жарақтандыру, жауынгерлік контингенттің оперативті сәйкестігін ұлғайту, біздің әскери құрылымдар мен арнайы қызметтердің бірлескен әрекетінің үйлесімділігін жақсарту мәселелерімен де айналысамыз. Тиісті мәселелер тұрақты негізде ҰҚШҰ желісі бойынша өтетін әскери оқу жиындарында пысықталып отырады. Ол оқу жиынын біз әрі қарай кеңейтуге ниеттіміз, — деді Ресей президенті.

Оның айтуынша, биыл күзде аталған ұйымға мүше үш елдің аумағында әскери оқу жиыны өтеді.

Биыл күзде Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда біздің ұйымның оқу жиындарының тұтас сериясын өткізу жоспарланған. Бұл шаралар мемлекеттеріміздің әскери дайындығы мен әскери құрылымдарының үйлесімділігінің артуына, жалпы бітімгерлік әлеуеттің күшеюіне мүмкіндік туғызатынына сенімдімін, — деді Владимир Путин.