Алматы-Ташкент пойызы пандемиядан кейін бірінші рет рейске шығады

Қазақстан темір жолының мәліметінше, 24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет барып келеді.

Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады. Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Анықтама берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы керек. Немесе коронавирус індетіне қарсы екпе немесе қайта екпе қабылдаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім),- делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, егер ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді.