Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қара теңіз аймағынан қозғалатын циклон елдегі ауа райына әсер ететінін атап өтті.

Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте жаңбыр жауып соңы бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, — делінген хабарламада.