«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтініш қабылдау басталды

«Қазақстан Республикасы президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең. Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет,- делінген хабарламада.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.